Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен Жаңаозен қаласының әкімі болып Сымбат Төретаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сымбат Қуанышұлы Төретаев 1978 жылы 27 қаңтарда Маңғыстау облысы Ералы ауданының Жетібай ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі лауазымынан бастаған. Кейіннен аға жедел уәкіл, ерекше маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл қызметтерін атқарды.
2006-2010 жылдары "Нұр" ЖШС директоры қызметін атқарды. 2010-2014 жылдары Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі болды. 2015-2017 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс-қимыл, жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс бөлімін басқарды.
2017-2019 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімін басқарды. 2019-2023 жылдары Қарақия ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. 2023 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Қарақия ауданының әкімі қызметін атқарып келді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу