Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Жаңаөзен тұрғыны жаяу жүргіншілерге балшық шашқаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Жаңаөзен қалалық сотында азамат Е.-ге қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қаралды.
"2025 жылы 28 желтоқсанда Жаңаөзен қаласының Бостандық шағынауданында ер адам "Mersedes" маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатып, әйелдің үстіне балшық шашып, қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын құқық бұзушылық жасады", - делінен хабарламада.
Сот отырысында ол кінәсін мойындап, кешірім сұрайтынын, айыппұл түріндегі жазаны қолдануды сұрады.
Сот шешімімен ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 86 500 теңге айыппұл салынды.