Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кәсіпорын өңір тұрғындары мен өнеркәсіп нысандарын құрғақ газбен, сұйытылған мұнай газымен және пентан-гексан фракциясымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда. Зауыт жылына 900 млн м³ дейін табиғи және ілеспе газды өңдей алатын заманауи өндірістік кешен ретінде жоспарланған. Құрылыста модульдік әдіс қолданылып отыр: негізгі технологиялық модульдер зауытта дайындалып, кейін құрылыс алаңына жеткізіледі.
Қазіргі жағдай:
Іргетас құйылып, модульдерді құрастыру жұмыстары басталған. Өрт сөндіру бекеті, зертхана, қоймалар, әкімшілік-тұрмыстық корпус, оператор ғимараттары және өртке қарсы резервуарлар салынып жатыр. Сыртқы электрмен жабдықтау нысандары бойынша құрылыс аяқталып, жабдық монтаждау жұмыстары басталды. Жабдық жасаушы зауытта 259 позициядан тұратын жабдықтың 48-і дайындалды. Siemens газ турбинасы қозғалтқышы дайындалып, Швециядан Қытайға жеткізілді, онда бірлесіп құрастырылмақ. Алғашқы технологиялық модульдерді құрастыру жұмыстары 2025 жылдың желтоқсанында басталған. Құрылыс алаңында шамамен 130 адам жұмылдырылған.Бұл жоба Маңғыстау өңірінің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп, елдің газ өңдеу әлеуетін арттыруға бағытталған.
Бүгін, 15:46