Жанар жағармайды жасанды тапшылық қыла ма деп алаңдаймын Мұрат Ергешбаев

31.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

- Бізде жанар-жағармай тапшы екені белгілі. Көрші Ресейде геосаясатқа байланысты біраз мұнай өңдеу зауытының істен шығуы бізге қатты әсер етеді. Олардың өздері де Қытайдан жанар-жағармай алу үшін келіссөз жүргізіп жатыр, - деді Мұрат Ергешбаев.

Осы орайда Мәжіліс депутаты елімізде қанша тонна мұнай өндірілгені, одан қанша тонна жанар-жағармай алынғаны әрі бензиннің қай түріне сұраныстың жоғары екендігі белгілі екенін айтады. Сондай-ақ ол отандық нарықта тапшылық байқалса Қытаймен де келіссөз жүргізу мүмкіндігі бар екеніне назар аудартады.

- Тек Ресеймен ғана емес, Қытаймен де келіссөз жүргізуге болады. Дегенмен, нарықта жасанды тапшылық жасауы мүмкін деп алаңдаймын. Мысалы, «мұнай өңдей алмаймыз, зауыт 1 аптаға тұрып қалды» дей ме деп қорқамын. Егер мұндай жайт болмаса, онда өзіміздім жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге болады. Мұнай экспортын азайтып, отандық зауыттарға өңдеуге беру керек, - деді ол.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында жанармай қоры екі айлық нормадан асады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью