Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Құрылтай қазақстанның болашақтағы саяси бағытын айқындап берді.
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Мемлекет басшысының мәлімдемелерін осылай бағалады.
Сондай-ақ ол Қызылордадағы алқалы жиын елдегі әлеуметтік, энергетика, ауыл шаруашылығы, квазимемлекеттік сектор сынды салалардағы түйіткілді мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді деген пікір білдірді.
Жанарбек Әшімжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Жыл бойы әр түрлі қалыптасқан сұрақтарға, Құрылтайдың алаңына келіп түскен сауалдарға Мемлекет басшысы бәрін жиып теріп, жауап беріп ғана қойған жоқ.
Енді алдағы уақыттағы Қазақстанның жаңа бір жаңғыру, саяси бағытын бүгін Қызылорда төрінде жариялады деп айтуға болады.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.