Жаңарған инфрақұрылым, сапалы сауықтыру

24.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Медицина саласындағы озық технологиялардың қарыштап дамуы мен тұрғындар сұранысының артуы отандық денсаулық сақтау жүйесіне тың серпін беріп отыр. Дегенмен заманауи емдеу мекемелерін салумен қатар тозығы жеткен ескі ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізіп, жаңарту – кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

Мәселен, Алматы шаһа­рын­­дағы тәулік бойы қалтқысыз қызмет көр­се­­тетін №4 қалалық клиникалық ауруханасының тынысы кеңейді. Жы­лына 12 500-ге дейін күрделі операция жасайтын іргелі мекеме жуырда толықтай күрделі жөндеуден өтіп, адам танымастай өзгерді. Көп­салалы ста­ционарды жаңғырту жұ­мыс­ы­ның нәтижесінде аурухананың қабыл­дау мүмкіндігі едәуір артып, енді бір мезетте 250 емес, 450 адамға дейін ем-дом көрсете алатын деңгейге жетті.

Жаңарған ғимараттағы ең маңыз­ды жаңалық – халықаралық «Triage» жүйесінің енгізілуі. Пациенттерді сұрыптаудың бұл әдісі науқастар легін қызыл, сары, жасыл аймақтарға бөлу арқылы жүзеге асады. Нәтижесін­де, ауыр халдегі науқастарға шұғыл көмек көрсетіліп, асқынулар мен өлім-жітім қаупі сейіледі, сондай-ақ төсектік орын қоры тиімді пайдаланылып, стационарда жату мерзімі қысқарады.

Бұған қоса медицина мекеме­сінде заманауи операциялық блоктар, 12 орындық анестезиология және реанимация бөлімшесі, қарқын­ды терапияның шұғыл бөлімі іске қосылды. Тері арқылы жүрек тамырларын емдеу орталығының ашылуы да – ел игілігіне жасалған маңызды қадам. Бұл жүрек-қан тамырлары сырқаты бар азаматтарға жоғары технологиялық медициналық көмекті қолжетімді ете түседі.

«Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес Алматыда халық­аралық стандарттар мен заманауи талаптарды ескере отырып, меди­циналық инфрақұрылымды жүйелі жаңарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 4 алғашқы меди­­циналық-сани­тарлық көмек орта­лығы мен 1 емхана пайдалануға беріл­ді. Сонымен қатар тағы 32 нысанды салу, қайта жаңғырту жобалары әзірленіп жатыр», деді қала әкімі Дархан Сатыбалды.

Шаһардағы игі өзгерістер мұны­мен шек­телмейді. Бүгінде Алматының «Ал­тай» шағын ауданында бұрынғы ескі ғи­ма­раттың орнына, бір ауысымда 500 адам­­ды қабылдауға қауқарлы жаңа ем­ха­наның құрылысы қызу жүріп жатыр.

Жаңа нысан ультрадыбыстық зерт­теу аппараттары, цифрлық флюо­рография, маммография, рентген, МРТ, КТ сынды озық диагностикалық жүйелермен толық жабдықталады. Бұл медициналық тексерулердің жыл­дамдығы мен дәлдігін арттырып, алғашқы санитарлық көмектің бір­ыңғай стандарты аясында сапалы қыз­мет көрсетуге мүмкіндік береді. Құры­лыс жұмыстарын биылғы төртінші тоқсанында аяқтау жос­парланып отыр.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Кеше

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Кеше

Он үшінші білім ошағы

Білім • Кеше

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • 22 Қаңтар, 2026

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • 22 Қаңтар, 2026

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • 22 Қаңтар, 2026

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • 22 Қаңтар, 2026

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • 22 Қаңтар, 2026

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • 22 Қаңтар, 2026

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • 22 Қаңтар, 2026

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • 22 Қаңтар, 2026

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • 22 Қаңтар, 2026

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью