Жанармай құю станциясына жасалған қарулы шабуыл кезіндегі кассирдің реакциясы видеоға түсіп қалды

30.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарулы қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Олардың жеке басы мен болжамды бағытын анықтауға өңірдегі зияткерлік бейнебақылау жүйесі көмектесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарақшылық дерегі 23 шілдеде Талғар ауданында тіркелді. Түнде бетперде киген белгісіз екі адам жанармай құю бекеттерінің біріне басып кіріп, шолақ мылтықпен қоқан-лоқы көрсету арқылы кассирден күндізгі түсімді талап еткен.

Бейнебақылау камераларындағы жазбадан қылмыскерлердің атыс қаруын қарапайым полиэтилен пакетке салып, білдіртпей алып кіргенін көруге болады. Олардың бірі кассирге барып, жасырынған шолақ мылтығын көрсетсе, екіншісі кіреберіс есіктің қасында қалған.

Қыз байбалам салған жоқ: орнында үнсіз тұрып, шабуылдаушылардың талаптарын тыңдап, ешқандай оқыс қимыл жасамады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@timur.joldybai жарияланымынан


Бұрышта отырып, қаскөйлер байқамай қалған күзетші іске араласқаннан кейін ғана күдіктілер райларынан қайтып, бірде-бір оқ атпай, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Кассадағы қыздың айтуынша, ол қатты шошып қалғандықтан, тіл қата алмаған. Қиын жағдайдан күзетші құтқарды. Ересек ер адамның пайда болуы күдіктілерді жоспарынан бас тартып, тез арада тайып тұруға мәжбүр етсе керек. Содан кейін іске полиция қызметкерлері кірісті. Олар ЖҚБ бейнекамералары арқылы шабуылдаушылардың Lada автокөлігімен жүргенін анықтады", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ернар Сайділдин.

Кейін күдіктілердің бірі бірнеше сағат ішінде ұсталғаны белгілі болды. Екіншісіне бағыттама жасалып, жақын маңдағы барлық полиция бөлімшесіне таратылды. 29 шілдеде бейнебақылау камералары мен бет-әлпетті тану функцияларының көмегімен ұсталған адамның сыбайласы анықталып, Талғар полициясына жеткізілді.
Сондай-ақ ұсталғандардың бірі 20-да, екіншісі 22 жаста екені белгілі болды. Екеуі де қамауға алынды. Қылмысқа пайдаланылған тегіс ұңғылы шолақ мылтық тәркіленіп, қылмыстық тергеу материалдарына тіркелді.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Испанияда танымал зиян әдетке тыйым салынуы мүмкін

Кеше 18:07 1

Өңірлік полиция аса ауыр қылмыстар санатына жататын қарулы қарақшылық шабуылды бейнебақылау жүйесінің арқасында ашу мүмкін болғанын хабарлады. Камерадағы жазбалар күдіктілердің болжамды қозғалыс бағытын бақылауға, бет-әлпетін тануға және кейін полицейлердің іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік берді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью