Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында полиция жанар-жағармайды елден заңсыз шығарғандарды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қордай ауданында жекелеген азаматтар автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтап, қосымша жанармай бактарын орнатқан. Сөйтіп жанар майды елден заңсыз әкетіп жүрген.
"Жыл басынан бері Жамбыл облысында осындай 300-ден астам құқық бұзушылық фактісі анықталды. Барлық заң бұзушылық дер кезінде тоқтатылды. Кінәлі жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынды", - депжазылған хабарламада.
Кемшіліктер толық жойылғанға дейін автокөліктер арнайы айып тұрақтарына қойылады. Заңсыз орнатылған құрылғылар тексеру барысында бірден мәжбүрлі түрде алынады.
Сонымен қатар көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны, тиісті тіркеусіз және рұқсат құжаттарынсыз оларға қызмет көрсеткені үшін техникалық қызмет көрсету станцияларының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.