Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанда ақылы автожолдар желісі кеңейтіліп жатыр. Қандыағаш – Мақат тасжолының құрамына Ақтөбе – Қандыағаш жолының 11-ден 100-шақырымға дейінгі қайта жөндеуден өткен учаскесі қосылады, деп хабарлайды Tengri Auto Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ақыны бәрі бірдей төлемейді. Ақтөбе – Қандыағаш автожолының 87-ден 100-шақырымға дейінгі бөлігінде, сондай-ақ Қандыағаш – Мақат тасжолының қалған бөлігінде ақы тек автобустар мен жүк көліктерінен алынады.
Бұл ретте Ақтөбе – Қандыағаш жолының 11-ден 87-шақырымға дейінгі учаскесі көліктің барлық түрі үшін, соның ішінде жеңіл автомобильдер үшін де ақылы болады.
"Жол жүру құны жүріп өткен қашықтыққа, көлік құралының санатына, оның жүк көтергіштігіне және төлем әдісіне байланысты. Іргелес аудандардың тұрғындары үшін жеңілдікті абонементтер қарастырылған", - деп хабарлады ведомство.
Тасжолдың бойында тұратын жеңіл автокөлік иелері 1 АЕК көлемінде айлық абонемент сатып ала алады. Жергілікті автобустар мен жүк көліктері үшін құны айына 1-ден 5 АЕК-ке дейін немесе жылына 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады. Тариф көлік санатына қарай белгіленеді.
Министрлік жиналған қаражат жолдарды күтіп ұстау мен жөндеуге, сонымен қатар арнайы техника сатып алуға жұмсалатынын хабарлады.
Көлік министрлігінің бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді. Олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң өз күшіне енеді.
Тағы оқыңыз: Қарағанды - Жезқазған тасжолын жарты ғасырдан кейін алғаш рет жаңартпақ
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу