Жаңартылған Астана 1 вокзалын биыл ашуға уәде берілді реконструкция мәліметтері мен жаңа эскиз

30.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астана-1 вокзалын жаңғырту жобасы әлі күнге дейін мемлекеттік сараптамадан өткен жоқ. Кешігу себебі неде және ол жөндеу мерзіміне қалай әсер етеді? Мәселенің мән-жайын Tengri Travel тілшісі анықтап көрді.

Астана-1 вокзалын жаңғырту жобасы әлі күнге дейін мемлекеттік сараптамадан өткен жоқ. Кешігу себебі неде және ол жөндеу мерзіміне қалай әсер етеді? Мәселенің мән-жайын Tengri Travel тілшісі анықтап көрді.

Мемлекеттік сараптама неге кешікті?

2026 жылдың наурызында елордалық көлік басқармасы жобаның мемлекеттік сараптамаға 6 ақпанда-ақ жіберілгенін хабарлаған болатын. Заң бойынша құжат 45 күнтізбелік күн ішінде қаралуы тиіс еді, бірақ тексеру ұзаққа созылып кетті.

Осыған байланысты билік әзірге реконструкцияның түпкілікті құнын бекіткен жоқ. Бұған дейін ол 16,6 миллиард теңгеден астам сомаға бағаланған болатын..

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы құжаттарды қарау процесі әлі де жалғасып жатқанын нақтылады. Сараптама қорытындысын 2026 жылғы шілде айының соңында алу жоспарланған. Компаниядағылар кідірісті жобаға түзетулер енгізілуімен түсіндірді.

"Қарау барысында жобаға өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз етуге, соның ішінде эвакуациялау жолдарына және ғимараттың биік бөлігінен құтқару жеңдерін орнатуға қатысты түзетулер енгізілді", – деп түсіндірді ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.

Жобаның түпкілікті құны мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шыққаннан кейін ғана белгілі болады.

Иллюстрация: ҚТЖ

Кідіріс вокзалды тапсыру мерзіміне әсер ете ме?

ҚТЖ өкілдері мемлекеттік сараптаманың кешігуі жөндеу мерзіміне әсер етпейді деп сендіріп отыр. Вокзалды бұрынғы жоспар бойынша 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделген.

Ұлттық компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта нысанда 270-тен 300-ге дейін жұмысшы мен 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылған.

"Іргетас құю, қаңқаның металл конструкцияларын монтаждау және негізгі ғимаратқа жалғанған ауданы 582 шаршы метрлік қосымша құрылыстың бетон жабындарын орнату жұмыстары аяқталды. Шатыр жұмыстары, ғимараттың биік бөлігіндегі қалқаларды монтаждау, сондай-ақ техникалық шарттарға сәйкес ұзындығы 4 шақырымдық сыртқы талшықты-оптикалық байланыс кабелін тарту жұмыстары аяқталды", – деп хабарлады ҚТЖ.

Иллюстрация: ҚТЖ

Іші қалай өзгереді: 10 эскалатор және кедергісіз орта

ҚТЖ мәліметінше, реконструкциядан кейін вокзал жолаушылар үшін әлдеқайда ыңғайлы болады. Жобада мыналар қарастырылған:

мүмкіндігі шектеулі жандар, қарт жолаушылар және балалы жолаушылар үшін кедергісіз орта құру; жолаушыларға қолайлы болуы үшін қоғамдық кеңістіктерді қайта жоспарлау; жылыту, жылумен жабдықтау, желдету және ауа баптау жүйелерін ауыстыру;
қасбет пен ішкі бөлмелерді жаңарту; қауіпсіздік, бейнебақылау, тексеру, кіруді бақылау және өртке қарсы қорғаныс жүйелерін жаңғырту.

Бұдан бөлек, вокзалда ана мен бала бөлмесі, арнайы санитарлық тораптар, көтергіш платформалар, 3 лифт және отандық компания шығарған 10 эскалатор орнатылады.

Жөндеу кезінде пойыздар қайда бағытталды?

ҚТЖ сонымен қатар реконструкция кезінде жолаушылар пойыздарының бір бөлігі "Нұрлы жол" вокзалына ауыстырылғанын хабарлады.

"Жолаушыларға қызмет көрсету Астана-1 вокзалының тарихи бөлігінде ұйымдастырылған. Онда билет кассалары, күту залдары, сақтау камералары, санитарлық бөлмелер мен ана мен бала бөлмесі жұмыс істеп тұр", – делінген ұлттық компания ақпаратында.

Иллюстрация: ҚТЖ

Вокзал маңы мен тұрақты абаттандыруға кім жауапты?

Бұған дейін біз нысанға барып, вокзал алдындағы алаңның мүшкіл күйін: сынған орындықтарды, қираған субұрқақты және шөккен төсемтастарды көрген едік. Біз ҚТЖ-дан аумақты абаттандыру немесе автотұрақты кеңейту жоспарда бар-жоғын сұрастырдық.

Алайда компания бұл жұмыстар реконструкция жобасына кірмейтінін түсіндірді.

"Жобада ғимаратты және вокзалдың перрон бөлігін реконструкциялау қарастырылған. Ал іргелес аумақты абаттандыру және кіреберіс жолдарын ұйымдастыру әкімдіктің құзырында", – деп атап өтті компания.

Осылайша, Астана-1 вокзалының айналасындағы жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды жөндеуге және тұрақ аймақтарын жаңартуға қала әкімдігі жауапты болады.

Вокзалдың қазіргі көрінісі қандай?

Нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда, жолаушылар инфрақұрылымы жаңартылып жатыр.

Фото: Tengrinews

Фото: Tengrinews

Вокзал аумағынан бұған дейін жарияланған эскиздерде көрсетілген инфрақұрылым элементтері байқалады.

Фото: ҚТЖ

Дегенмен, нысанның қазіргі жай-күйіне қарап, реконструкцияның толық аяқталуына әлі уақыт керек екені байқалады. Жұмыс бірден бірнеше учаскеде жүріп жатыр, сондықтан вокзалдың соңғы бейнесі әлі қалыптаса қойған жоқ. Біз қайта жөндеу жұмыстарының барысын бақылауды жалғастырамыз.

Еске сала кетейік, Астанадағы ескі теміржол вокзалы ғимаратының асханасында төбенің бір бөлігі опырылып түсті. Оқиға 28 маусым күні таңертең болды. Ұлттық компания оқиға орын алған асхана үй-жайы ескі теміржол вокзалы ғимаратының, жеке меншіктегі бөлігінде орналасқанын атап өтті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью