Жаңартылған мектептерде 130 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр

30.10.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін 1300-ге жуық мектепте реновация бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Биыл 245 мектепте кешенді реновация жүргізіліп жатыр, оның 134-інде жұмыстар толық аяқталған. Жаңа оқу жылы 130 мыңнан астам оқушы жаңартылған, жайлы және қауіпсіз мектептерде білім алып жатыр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше реновация бағдарламасы шеңберінде мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһазындарын жаңарту, талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу, спорт залдарын, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау, сондай-ақ мектеп аумақтарын жаңа стандарттарға сай абаттандыру қарастырылған.

Мектептерді жаңарту жұмыстары алдағы жылдары да жалғасады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью