Жаңатаста қоныс аударып келетін мамандар мен олардың отбасы үшін тұрғын үй кешені салынды

28.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаңатаста "Химик" тұрғын үй кешеніндегі пәтер кілттері табысталды. Аталған кешен қалаға отбасыларымен бірге қоныс аударатын қызметкерлер үшін салынған. Олардың қатарында Қазақстанның түрлі өңірінен келген тұрғындар бар. Бұл туралы "ЕвроХим" баспасөз қызметі хабарлады.

Компания мәліметінше, тұрғын үй құрылысы "ЕвроХимнің" өндірістік жобасын іске асыру және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жүзеге асып жатқан Жаңатасты жаңғырту жұмыстарының бір бөлігі. Ол үшін білікті мамандарды Жаңатасқа тартуға және олардың отбасыларымен бірге қоныс аударуына жағдай жасау маңызды.

Бес қабатты ғимарат үш тұрғын блогынан тұрады. Ол 60 пәтер және шамамен 200 тұрғынға есептелген. Пәтерлердің жалпы ауданы – 4 мың шаршы метр. Жобалау кезінде аумақты абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. "ЕвроХим" жоспарында 200-ге дейін ағаш отырғызу, 800 шаршы метр көгал төсеу, 420 шаршы метр аумақта балалар ойын алаңы және 190 шаршы метр жерде жаттығу аймағын салу бар.

Ауысымдық жұмыстан қала өміріне дейін

Бүгінде Қазақстандағы "ЕвроХим" кәсіпорындарында 1000-нан аса қызметкер жұмыс істейді, олардың 80 пайызы Жамбыл облысының тұрғындары. Жаңа химиялық кешен іске қосылғанда тағы шамамен 900 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жұмысқа қабылдау кезінде жергілікті мамандарға басымдық беріледі. "Химик" тұрғын үй кешені басшылық пікірінше, Қазақстанның басқа өңірлерінен білікті мамандарды отбасыларымен бірге тартуға қолайлы жағдай жасайды.

"Біз үшін Жаңатасқа жұмыс істеуге келген қызметкердің мұнда тек жұмыс орнын ғана емес, өмір сүруге қолайлы орта табуы маңызды. Маманды отбасымен бірге көшіру – үлкен жауапкершілік. Бұл – балалардың тәрбиесі, мектеп, күнделікті өмір, қала тұрғындарымен жаңа байланыстар орнату. Біз адамдардың Жаңатасқа қысқа мерзімге ғана келуін емес, қаланың бір бөлігіне айналып, оның болашағына үлес қосуын қалаймыз", – дейді "ЕвроХим-Каратау" ЖШС бас директоры Игорь Георгиади пәтерлерді табыстау рәсімінде.

Өнеркәсіптік даму - қала үшін жаңа мүмкіндіктер

Кәсіпорын мәліметінше, Қазақстанда 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компанияның инвестиция көлемі 1 миллиард АҚШ долларынан асады. Жоба үш кезеңнен тұрады: тау-кен кешенін іске қосу, күкірт қышқылын өндіруді жолға қою және Жаңатас қаласында химиялық кешен салу.

"ЕвроХим" мәліметінше, отбасылардың әл-ауқаты – өңірдің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторы. Компания қызметкерлері үшін бұл – осында ұзақ мерзімді мансап құруға мүмкіндік. "ЕвроХимде" бірнеше буыны бір кәсіпорында еңбек етіп, Жанатаспен тағдырын байланыстырған отбасылар бар. ЕвроХим 2012 жылдан бері Жамбыл облысының әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға 29 миллион АҚШ долларын бағыттады.

Компания өндірістің дамуы мен тұрғын үй құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашуға, мамандарды тартуға және олардың Жаңатаста тұрақты тұруына жағдай жасауға мүмкіндік береді деп отыр.

Фото: ЕвроХим-Қазақстан

PR

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью