Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Жамбыл облысында бірер жылда бір айналып соғатын құйын желден Жаңатас жұрты жабығып, Қаратау халқы қамығып жататыны бар. Үш жыл бұрын осы екі аудан халқы қытымыр қыс мезгілінде жылу мен жарықтан ажырап, ықылым заман адамдарының күйін кешкен еді. 6 ақпанда соққан дауыл жел Жаңатас қаласының халқын әбігерге салды.
Қатты желден 7 тұрғын үйдің шатыры жартылай ұшып кетті. Сондай-ақ 7 кәсіпкерлік нысанның шатыры бүлініп, шамамен 2 шақырымға жуық электр желісі үзілген. Мұндай құйын желдің талайын көрсе де, қала халқы осы жолы тіпті дүрлігіп қалды.
Өңір басшысы Е.Қарашөкеев Сарысу ауданына арнайы барып, дауыл салдарынан бүлінген нысандарды аралап, жағдаймен танысты. Жергілікті халықпен пікірлесті.
«Ел ішінде «апат айтып келмейді» деген сөз бар. Екпіні секундына 32 метрге дейін жеткен жойқын жел бәрімізді қатты алаңдатты. Табиғаттың тосын мінезіне әрқашан дайын болуымыз керек. Аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Апат салдарын жоюға қажетті қаржы қарастырылды. Бұл мәселе тікелей өзімнің бақылауымда болады», деді облыс әкімі жергілікті халықтың көкейіндегі күдікті сейілтіп.
Жаңатастағы жел салдарынан ең бастысы адам зардап шекпегеніне тәубе деп отырмыз. Қалай болған күнде де Жаңатас пен Қаратау халқы қыс мезгілінде дүлей дауыл соқпаса деп тілеп отырады. Қысқа қанша дайындық жұмысы жүргізілсе де, екі қаланың тұрғындары табиғаттың тосын мінезінен айтарлықтай қаймығады.
Қазір дауыл салдарынан келген зардапты жоюға қатысты нақтылы жұмыстар атқарылып жатыр. Қыс мезгілі жетсе, бет қаратпайтын боранмен алысатын Жуалы жұрты, жойқын желден жүрексінетін Қаратау мен Жаңатас халқы бұдан бұрын да талай қиындықты бастан өткерген. Табиғаттың осы жолғы тосын сынағы олардың қасында жеңілдеу көрінеді. Ең бастысы, жергілікті халықтың жүйкесін жұқартқан жойқын жел қайталанбаса болғаны.
Жамбыл облысы
Соңғы жаңалықтар
Нариман Төреғалиев: Өңірдің әлеуеті жылдан-жылға артып келеді
Саясат • Бүгін, 08:50
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40
Олимпиада • Бүгін, 08:35
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:25
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20
Өнер • Бүгін, 08:15
Тағзым • Бүгін, 08:10
Мирас • Бүгін, 08:05
Тұлға • Бүгін, 08:00
Теннис • Бүгін, 07:55
Қазақ спортшылары шаңғымен тұғырдан секіруден Олимпиаданың финалына шыға алмады
Олимпиада • Бүгін, 00:15
Балаларды өрттен құтқарып қалған мектеп мұғалімі марапатталды
Оқиға • Кеше
Олимпиада-2026: Қазақстандық конькимен жүгірушілер 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Олимпиада • Кеше