Жанболат пен Жазираның құдаларына берген қалың малы қызу талқыға түсті (видео)

24.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әнші, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның ұлы үйленді, – деп жазды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде құдаларға қалың мал берген сәт қызу талқыға түсті.

Бейнежазбада құдаларға 10 миллион теңге мен қоса 300 мың теңге көлемінде сый жасағаны байқалады. 

Бұл көрініс желіде пікірталас туғызды. Бірі жас жұбайларға бақыт тілесе, енді бірі қалың малдың көлемі туралы пікірін жазған.

«Қуаныштарың құтты болсын!», «Осындай қаржы беру қаншалықты қажет?», «Жанболат ағамыз Сәкен ағамыздан асып түскен сияқты», «Алла менің қызыма да, немереме де осындай той, қалың мал нәсіп етсін», «Жағдайы жетіп тұрса, неге бермеске», «Ең бастысы, жастардың бақыты», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью