Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
17 сәуірде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипат алып, жауын-шашын, дауыл, бұршақ және тұман қатар байқалады. Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырып, бірқатар өңірде желдің екпіні күшейіп, жол жағдайы күрделенетінін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
«Қазгидромет» таратқан мәліметке сәйкес, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ жиілеп, дауыл күшейеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын мен тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Бұл құбылыс Шымкент пен Түркістан қалаларында да байқалады.
Жетісу облысында да күн райы құбылмалы болады. Таулы өңірлерде нөсер жауын, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Алматы облысында, әсіресе Іле Алатауы маңында, жауын-шашын мен қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ аралас дауыл соғып, желдің жылдамдығы 17-22 м/с, кейде 28 м/с-қа дейін жетеді. Алматы мен Қонаев қалаларында найзағайлы жаңбыр күтіледі.
Орталық және шығыс аймақтарда да жағдай күрделі. Ұлытау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жауын-шашын қармен араласып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Батыс өңірлерде негізінен тұман басым болады. Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Орал мен Ақтау қалаларында көріну қашықтығы төмендейді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл қаупі бар. Мұнда жаңбыр мен найзағай қатар жүріп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік өңірлерде де жел күшейеді. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман мен екпінді жел болады. Ал Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с деңгейінде сақталады.
Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ аралас дауыл күтіледі. Таулы аймақтарда түнде қар аралас жауын-шашын болуы ықтимал.
Синоптиктердің айтуынша, бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады. Сонымен қатар, көктайғақ пен екпінді жел тұрғындар үшін қосымша қауіп төндіруі мүмкін.
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Соңғы жаңалықтар
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22
Қоғам • Бүгін, 09:22
Әдебиет • Бүгін, 09:20
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18
Шахмат • Бүгін, 09:15
Өнер • Бүгін, 09:12
Ертіс бойына сумен бірге ырыздық келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:08
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:05
Жетіқараны неге «Жітіқара» деп жүрміз?
Аймақтар • Бүгін, 09:03
Жәдігер • Бүгін, 09:00
Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру
Мәселе • Бүгін, 08:58
Әдебиет • Бүгін, 08:55