Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ведомствоның мәліметінше, сейсенбі, 2026 жылғы 6 қазанда республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында көктайғақ болжанады, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Атап айтқанда, еліміздің ең ірі екі мегаполисінде мынадай ауа райы күтіледі:
Астанада күн бұлтты болады, жаңбыр мен қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C болады. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C болады.Осыған байланысты ТЖМ ауа райы нашарлаған кезде сақталуға тиіс қауіпсіздік шараларын еске салды. Қатты жел соғып, жаңбыр немесе қар жауғанда, сондай-ақ күн күрт суытқанда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды:
Мүмкіндігінше үй-жайда қалып, қажет болмаса, далаға шықпаңыз. Ағаштардың, жарнамалық құрылымдардың, электр беру желілерінің және басқа да орнықсыз нысандардың жанында тұрмаңыз. Жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау және жолда аса мұқият болу ұсынылады. Қатты жел кезінде далада от жақпаңыз және ашық отты пайдаланбаңыз. Тіпті шағын жалынның өзі тез таралуы мүмкін."Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", – деп еске салды ведомство қазақстандықтарға.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылғы 6 қазанға дауылды ескерту жариялаған болатын. Ескертуге сәйкес, ел аумағында қар мен жаңбыр жауып, -2°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін.