Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астанадағы 6, 7 және 8 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы
6 тамызда күн құбылмалы, түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +26...+28 градус болады.
7 тамызда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +26...+28 градус болады.
8 тамызда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +28...+30 градус болады.
Алматыдағы ауа райы6 тамызда күн құбылмалы, аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +29...+31 градус болады.
7 тамызда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Саакашвили грузин түрмесіндегі адам төзгісіз жағдайлар туралы айтты
Бүгін 08:31 1
8 тамызда күн құбылмалы, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
Қазақстанға жаңа аптап толқыны келе жатырБұған дейін синоптиктер жақын күндері Қазақстанда ыстық тағы күшейетінін хабарлаған болатын. Иран аумағынан келетін жылы ауа массалары еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарына қатты ыстық әкеледі. Толық болжамды мына жерден оқыңыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу