Жаңбыр және 45 градус ыстық: ертең ауа райы қандай болады

19.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 19 шілде - Sputnik. 20 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде күн 45 градусқа дейін ысиды, деп хабарлады Қазгидромет.

"Солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республикамыздың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, найзағайлы жаңбыр, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл болады. Тек республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында құрғақ және ыстық ауа райы сақталады", - деп хабарлады синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болжанып отыр.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында және таулы аудандарында 35-38 градус қатты ыстық, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық, Түркістан облысында 40-44 градус қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл облысында 43-45 градус өте қатты ыстық, Алматы және Жетісу облыстарында 40-45 градус өте қаты ыстық, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі болжанған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью