Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елдің оңтүстігінде жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, ал солтүстікте жауын-шашын, тұман және желдің күшеюі болжанып отыр.
Шығыста күн негізінен жауын-шашынсыз болып, күн жылиды. Ал батыста құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей жерлерде жаңбыр жауады.
Астана - құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +7…+9, күндіз +13…+15.
Алматы - құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +22…+24.
Шымкент - құбылмалы бұлтты, арагідік жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +20…+22.
Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +22…+24.
Қонаев - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, секундына 9-14 метр, кей уақытта екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +22…+24.
Талдықорған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +7…+9, күндіз +22…+24.
Қызылорда - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +22…+24.
Тараз - құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ. Түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +17…+19.
Ақтау - бұлтты, жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан, секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +12…+14.
Атырау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде +8…+10, күндіз +23…+25.
Орал - құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +6…+8, күндіз +15…+17.
Ақтөбе - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +5…+7, күндіз +18…+20.
Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15-18 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +7…+9, күндіз +14…+16.
Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +7…+9, күндіз +20…+22.
Қостанай - ала бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +5…+7, күндіз +14…+16.
Көкшетау - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, секундына 9-14 метр, таңертең және күндіз екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +7…+9, күндіз +15…+17.
Петропавл - бұлтты, аздаған жаңбыр, найзағай, тұман. Жел солтүстік-батыстан, секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +6…+8, күндіз +14…+16.
Павлодар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +17…+19.
Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0…+2, күндіз +20…+22.
Өскемен - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -1…+1, күндіз +21…+23.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться