Жаңбырдан кейін қайтадан аптап ыстық: алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады

22.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астанада 23, 24 және 25 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

23 шілдеде күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус жылы болады.

24 шілдеде күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +25...+27 градус жылы болады.

25 шілдеде күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

24 шілдеде күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +29...+31 градус жылы болады.

25 шілдеде күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.

25 шілдеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +30...+32 градус жылы болады.

+44 градусқа дейінгі аптап, бірақ бүкіл Қазақстанда емес

Бұған дейін синоптиктер 23-25 шілде аралығында солтүстік-батыс циклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігіне жаңбыр жауып, күн күркіреп, кей жерлерде нөсер мен бұршақ болатынын айтылған.

Сонымен қатар, батыс өңірлерге Иран аумағынан ыстық ауа массалары келе бастайды, соның салдарынан ол жақта +44 градусқа дейінгі аптап болады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью