Жәндік те жәрдем күтеді

20.06.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Табиғат жанашыр­ла­рының айтуын­ша, ара­лар өсім­діктерді тозаңдан­дырады, биоалуантүрліліктің сақ­­­талуына көмектеседі. Же­міс ағаштарының, түрлі көк­өністер мен дақылдардың мол өнім беруіне де араның септігі мол. Ал қоңыздар түрлі зиянкестерді жояды.

«Мұндай ұялар қор­шаған ортадағы экожүйені сақ­тауға мүмкіндік бере­ді. Бүгін Қостанай қала­сын­да­ғы орталық саябаққа, Триат­лон паркке, Жеңіс саяба­­ғын­дағы ағаштарға ұя орнат­­­тық. Алда өңірдің экоқұрылы­мын жетіл­діре түсу мін­­деті тұр. Ке­лешекте жән­дік­­­тер қорек­тенетін өсім­дік­тер түрін көбейтуді көз­деп отыр­мыз», дейді экок­луб жетекшісі.

Игі іс-шараға 60-тан астам ерікті атсалысты. Олар орнатқан ұялар аса күтімді қажет етпейді. Табиғат жанашырлары айына бір қарап шығып, босаған, сынған жері болса, жөндеп отырамыз дейді. 

Жәндіктерге арналған ұялардың біразы мектеп оқушыларының қолынан шыққан. Экобелсенділер жобаны Қостанай ауда­нындағы Алтынсарин мек­тебімен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. «Neco» экологиялық клубы алдағы уақытта жо­баның ауқымын кеңейте түсіп, облыс орта­лығынан тыс елді мекендерге де жән­­дік ұясын орнатпақ. Клуб өкілдері биыл облыс кө­лемінде мыңға тарта ұя ор­натуды жоспарлап отыр.

«Жыл басында Қытайға тапсырыс беріп, алғашқы ұяны алдырдық. Соған қа­рап, өзіміз он шақты ұя жа­садық. Кейін Алтынсарин мектебіне барып, «Үздік ұя» байқауын өткіздік. Нәтиже­сі жаман емес, оқушылар мұғалімдердің көмегімен елуден астам ұя жасап берді. Негізі, бұл аса қиын жұмыс емес, бір ұяны жасап шығу үшін жарты метр тақтай, бір кірпіш, ағаш бұтағы мен қарағайдың бүрі ғана керек», дейді  Наурызбек Бірмағамбетов.

Қостанай облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью