Жанға жайлы жатақхана

01.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматы облысында бүгінде 41 техникалық және кәсіптік білім ұйымы жұмыс істейді, оның 18-інде жобалық қуаттылығы 4 744 орынға арналған жатақхана бар. Жақында Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде жаңа жатақхана пайдалануға беріліп, студенттерді қуанышқа кенелтті.

Іргетасы қаланғанына 60 жыл толған оқу орнындағы айтулы іс-шараға өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев қатысып, жылы лебізін білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету – Үкімет пен әкімдердің басты міндеттерінің бірі. Жастарға сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек», деп атап өткен болатын. Бүгінгі ашылып отырған заманауи ғимарат – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Жатақхана тек жатын орын емес, бұл – жастардың алаңсыз білім алып, шығармашылықпен айналысуына арналған заманауи орта. Мұнда шалғай аудан, ауылдардан келген жастар жайғасып, алаңсыз білім алып, мамандық меңгереді. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы өңірде жалпы құны 6,0 млрд теңгені құрайтын 711 орынды 4 жатақхана құрылысы басталған болатын. Осы жылы тағы 3 колледждің жатақханасы пайдалануға беріледі. Атап айтсақ, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 111 орындық жатақханасын қайтадан жаңғырту жұмысына 800 млн теңге бөлініп, жақында пайдалануға беру жоспарланса, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің 200 орындық жатақханасы мен Талғар политехникалық колледжінің студенттеріне арналған 200 орындық жатақхана құрылысына әрқайсысына 1,9 млрд теңгеден қаражат бөлініп, құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл өз кезегінде колледж студент­терінің тұрмысын жақсартуға тікелей ықпал етпек», деген облыс әкімі қонақ­тар­ды қуаныштарымен құттықтап, студенттер үйінің кілтін колледж директоры Алмас Жылқыбаевқа салтанатты түрде табыс етті.

Іс-шара барысында ақжаулықты аналар мен ұстаздар ақжарма тілектерін ағы­тып, мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі істерге дән ризашылықтарын білдірді.

Сонымен студенттерге есігін айқара ашқан 5 қабатты жатақхана 200 орынға арналған. Әр секцияда 2 және 3 орынды жатын бөлме, ортақ ас бөлме, жуынатын орын бар. Сондай-ақ жатақханада 8 оқу залы орналасқан, олар теледидармен қамтылған. Заманауи үлгідегі жатақханада жастарға керектің бәрі бар. Әр қабатта кір жуып, киім үтіктеу сынды тұрмыстық қажеттілігін атқаратын арнайы бөлмелермен қатар, дене шынықтыруға арналған тренажерлік зал жабдықталған. Жоғары жылдамдықты интернет желісі де іске қосылған.

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжін­де осы күні 1 400-ден астам студент оқиды. Олардың 400-ден астамы білім шаңырағының ескі жатақханасында тұрады.

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 09:28

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп

Білім • Бүгін, 08:50

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ

Медицина • Бүгін, 08:35

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью