Жәнібек Әлімханұлы 3 белбеу үшін қашан жекпе жек өткізетіні белгілі болды

30.10.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 3 белбеу үшін тарихи кездесу өткізеді. 6 желтоқсан күні ол кубалық кәсіби былғары қолғап шебері Эрсленди Лараға қарсы рингке көтеріледі, деп жазады Egemen.kz.

©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Бұл туралы Premier Boxing Champions (PBC) сайты ресми түрде хабарлады. Жаңалықты Жәнібек Әлімханұлының өзі де парақшасында жариялады. 

PBC Жәнібек Әлімханұлы мен Эрсленди Лара айқасын бокс кешенің маңызды жекпе-жегіне балап отыр. 

Сондай-ақ, бокс кешінде  О'Шаки Фостер Стивена Фултонға қарсы қолғап түйістіреді. Ал Иисус Рамос  Шейна Мослимен орта салмақтағы WBC-дің аралық белбеуін иемденуге ұмтылып көреді. 

Жекпе-жектер АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында орналасқан  Frost Bank Center аренасында өтеді. 

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсан күнгі жекпе-жегін меңзеп, дайындыққа қарқынды кіріскенін хабарлаған болатын. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі кездесуін Астанада ұйымдастырып, Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингені 5 раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірген еді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью