Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе жекке шақырды

03.08.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: instagram/janibek_alimkhanuly

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне үндеу жасап, Канеломен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

«Кей жанкүйерлердің көкейінде Жәнібек Канелоны ұта алады ма екен?» деген сұрақтар бар сияқты. Егер Канело менімен шығуға батылы жетсе, жалпақ тілмен айтқанда оны шайнамай жұтамын. Құдай тәкаппарлықтан сақтасын, сенімді түрде айтайын мен өз деңгейімді және оның деңгейін өте жақсы білемін. Қазақтар осал емес! Кәсіпқой бокста өз орнымыз бар ұлтпыз», деп жазды Әлімханұлы.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы жуырда орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартып, суперорта салмақ дәрежесіне ауысқанын жариялаған болатын.

Жәнібек Әлімханұлы: Үш салмақ дәрежесінде чемпион болуға дайындалып жатырмын

Жаңа салмақта отандасымызға Канело Альварес, Калеб Плант, Эдгар Берланга, Хамза Шираз бен Хайме Мунгия сияқты атақты былғары қолғап шеберлері қарсылас болады.

Еске сала кетейік, жаңартылған WBO рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы суперорта салмақта көшбасшылар қатарына қосылып, жекпе-жексіз бірден екінші орынға жайғасты. Рейтингтің бірінші сатысында Сауль Альварес тұрса, аталған салмақтағы әлем чемпионы титулын Хамза Шираз сақтап тұр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью