Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады

14.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер атанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.

WBO арнайы комитеті оның шеттетілу мерзімін қысқарту туралы өтінішін мақұлдады. 

WBO арнайы комитеті қазақстандық боксшыны осы мәртебеге үміткер Якоб Банктен жоғары қойды. Ұйым бұл шешімді Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы чемпиондық тәжірибесі мен WBO титулын бірнеше рет қорғағанын ескере отырып қабылдаған. Жәнібек Әлімханұлы — 17-0 (12 КО) 

Хамза Шираз — 24-0-1 (19 КО) 

WBO тараптарға жекпе-жек шарттарын келісу үшін 20 күн уақыт берді. Егер осы мерзім ішінде ортақ мәмілеге қол жеткізілмесе, жекпе-жекті өткізу құқығы промоутерлік сауда арқылы анықталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью