Жәнібек Әлімханұлы қуанышты жаңалығын жеткізді

20.05.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жазба жариялап, жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Боксшы биыл желтоқсан айында чемпиондық атағын қорғайтынын айтты. Сонымен қатар шаршы алаңға шығатын сәтті асыға күтіп жүргенін жеткізді.

«6 жасымда қолғап киіп едім, міне 27 жылдан бері шаршы алаңда жүр екенмін! Бір іспен тұрақты түрде 27 жыл айналысу да оңай емес! 4 бұрышты шаршы алаңда не көрмедік?! Әлі де көреріміз көп! Рингті сағындық! Жанкүйерлердің де өнерімізді сағынып қалғанын білемін! Бұйыртса желтоқсанда әлем чемпионы титулымды қорғаймын!» - деді спортшы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью