Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Осылайша, бұрын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған Әлімханұлы жаңа салмақта жоғары рейтингке ие болып, болашақта беделді қарсыластармен жекпе-жек өткізуге бір табан жақындай түсті.
Қазір бұл салмақтағы WBO чемпионы – Ұлыбритания өкілі Хамза Шираз. Бұған дейін Әлімханұлы мен Шираз арасында жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер болған.
Ал рейтингтің көшін бастап тұрған Канело соңғы рет америкалық Теренс Кроуфордтан жеңілгеннен кейін шаршы алаңға шыққан жоқ.
Жәнібек Әлімханұлы қазіргі дисквалификациясына қарамастан рейтингтің екінші сатысына орналасты. Оның жарыстарға қатысуына салынған шектеу биылғы желтоқсанда аяқталады.
Еске салайық, боксшы жуырда орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартып, екінші орта салмаққа ауысқан еді. Оның менеджері Берік Сұлтан бұл шешімнің басты себептерінің бірі – танымал қарсыластармен жұдырықтасуға мүмкіндік алу екенін айтқан.
Оның сөзінше, жаңа салмақта Канело Альварес, Калеб Плант, Эдгар Берланга, Хамза Шираз және Хайме Мунгия секілді мықты боксшылар өнер көрсетеді.
Жәнібек бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында Канеломен жұдырықтасу өзінің басты мақсаты екенін мәлімдеп, екінші орта салмаққа көтерілуге дайын екенін жеткізген.