Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Рейтингіге сәйкес, орта салмақта WBO және IBF нұсқасының әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлі де көш бастап, чемпион статусын сақтап тұр.
Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Жәнібектің допинг дауына байланысты нақты шешім қабылданған жоқ. Сол себепті боксшы әліде орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан ресми айырылған жоқ.
Еске салайық, 2025 жылдың 6 желтоқсанына жоспарланған WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш титул үшін өтетін жекпе-жекке үш күн қалғанда қазақстандық чемпионның сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты табылғаны жарияланды.
Сөйтіп Жәнібектің ең маңызды жекпе-жегі тоқтатылды.
Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы 20 қаңтар күні Жәнібек Әлімханұлының «В» сынамасында допинг барын растады.