Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

22.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу басын біріктіретін жекпе-жек өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Рингке  қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (IBF + WBO / 17-0, 12 KO) мен WBA белбеуінің иегері Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) шығады. 41 жастағы Лара ұзақ үзілістен кейін қайта оралып отыр. Жекпе-жекке аутсайдер ретінде шыққалы тұр, бірақ соған қарамастан жеңіске сенімді екенін айтады. Жауынгердің сөзін Boxing News 24 былай келтіреді:

«Адамдар Жәнібекті біздің салмақтағы ең қауіпті жігіт деп ойлай берсін. Жекпе-жектен кейін не айтарын көрерміз. Бұл айқас – менің мұрамды бекітетін жекпе-жек. Жеңіске жететініме толық сенемін. Жекпе-жекті қосқан әр жанкүйер менің ең үздік нұсқамды көреді».

Лара қарсыласымен шаршы алаңда «ойнап» уақыт өткізбейтінін айтады.

«Жанкүйерлер бірінші секундтан бастап-ақ оны шайқалақтатуға тырысатынымды көреді. Рингке жаман ниетпен шығамын. Мүмкіндік туса, Жәнібекті тез арада нокаутқа жіберуге тырысамын. Егер жекпе-жек толық  12 раундқа созылса, онда бұл әдемі жеңіс болады. Бұл мен үшін өте маңызды айқас. Бұл – унификация. Жеңіс менің бұл салмақтағы ең мықты боксшы екенімді дәлелдейді».

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью