Жанқош Тұраров жақында кезекті жекпе жегін өткізбек

11.10.2025

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

“Жақында келесі жекпе-жегімнің қайда және кіммен өтетінін жариялаймын”, — деп жазды Тұраров өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет осы жылдың 5 қыркүйегінде филиппиндік Али Канегаға (12-2-1, 8 КО) қарсы қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Канеганы 3 рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде Жанқош Тұраров төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. 

Естеріңізге салсақ, Жанқош Тұраров  кәсіпқой бокста барлығы 28 жекпе-жек өткізіп, бәрін де айқын басымдықпен ұтқан.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью