Жапон балет мектебінің оқушылары Қазақ ұлттық хореография академиясында дәріс алды

03.12.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бағдарлама аясында қонақтарға классикалық және ұлттық-сахналық би бойынша шеберлік сағаттапы ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушылар ел мәдениетімен, елорда сәулетімен танысып, Астананың көрікті жерлерін аралады.

Жапон балет мектебінің өкілдері қазақстандық балет мектебінің кәсіби деңгейін жоғары бағалап, Академияның халықаралық ынтымақтастыққа ашық екенін және хореография өнерін дамытуға қосып отырған маңызды үлесін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері халықаралық байқауда жеңіске жеткенін жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью