Жапония 26 наурыздан мемлекеттік мұнай қорын босатуды бастайды

24.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл туралы сейсенбі күні Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити мәлімдеді.

Тиісті шешім Таяу Шығыстағы шиеленістің Жапония экономикасына әсерін жұмсарту шараларына арналған бейінді министрлер отырысында жарияланды.

Еске салайық, Жапония 16 наурыздан бастап Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан бензин мен өзге мұнай өнімдері бағасының күрт өсу қаупіне байланысты мұнай қорын қысқартуды бастаған.

Бұл — Жапонияның 1978 жылдан бері алғаш рет халықаралық үйлестірусіз, өз бетінше мемлекеттік мұнай қорын босатуы болып отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью