Жапония Ормуз бұғазына қатысты жағдайға байланысты мұнай қорын пайдаланбақ

24.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі мәліметінше, нарыққа шамамен 5,8 млн килолитр мұнай (құны 3,4 млрд доллар) жеткізіледі.

Бұл қадам АҚШ пен Иран арасында уақытша бітім жасалғанына қарамастан, Ормуз бұғазының толық ашылуына қатысты белгісіздік сақталып отырғандықтан қолға алынып отыр.

Бұған дейін, наурыз айында Жапония Таяу Шығыстағы шиеленіс аясында 50 күндік мұнай қорын пайдаланған болатын.

Ормуз бұғазы – әлемдік энергетика үшін аса маңызды теңіз жолы. Ақпан айының соңында АҚШ пен Израильдің бірлескен соққыларынан кейін басталған қақтығыс аясында Иран бұғазды жауып, мұнай бағасы соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда шамамен 65%-ға өсті.

Кейін 8 сәуірде АҚШ пен Иран арасында атысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, Дональд Трамп 13 сәуірде Иранға қарсы теңіз блокадасын енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл аясында Ормуз бұғазы арқылы өтетін ирандық кемелерге қарсы шаралар күшейтілді.

17 сәуірде Иран бұғазды коммерциялық кеме қатынасы үшін ашуға дайын екенін мәлімдеді, алайда АҚШ-тың блокаданы жалғастыруы туралы мәлімдемесінен кейін Тегеран қайтадан шектеулер енгізді.

Осы кезеңде АҚШ Оман теңізі мен Үнді мұхитында ирандық кейбір коммерциялық кемелерді ұстап, шабуыл жасаған. Бұған жауап ретінде Иран Ормуз бұғазы маңында бірқатар кемелердің қозғалысына араласып, кейбірін, соның ішінде Израильмен байланысты кемелерді, қолға түсірді.

Бұған дейін Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай саудасының шамамен 20%-ы өтетінін жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью