Жапония премьері өз резиденциясында тарақандарды улағаннан кейін мұңайып қалды

25.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити резиденциясындағы тарақандар туралы ерекше оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Саясаткер желідегі жазбасында жиі қойылатын "резиденцияда елестерді кездестірдіңіз бе?" деген сұраққа жауап берді.

"Әзірге елестерді кездестіре қойған жоқпын. Ал соңғы уақытқа дейін тарақандарды жиі көріп қалатынмын - әр жолы қорыққанымнан айқайлап жіберетінмін", - деп жазды Такаити X әлеуметтік желісінде.

Ол депутаттарға арналған жатақханада тұрғанда бірде-бір рет тарақан көрмегенін айтты.

"Резиденцияға көшкеннен кейін де тазалықты мұқият сақтауға тырыстым: әсіресе ас ішетін үстелдің астын мұқият сүртіп, тамақ қалдықтарын қақпағы тығыз жабылатын мықты қоқыс шелегіне салып, пластик контейнерлерді жуып, сұрыптап отырдым. Сондықтан бірде аяғымның астынан тарақан жүгіріп өткенде, бұл мен үшін нағыз шок болды", - деп қосты Санаэ Такаити.

Жапония премьері бала кезінен реинкарнацияға (қайта туылу айналымына) сенетінін, сондықтан жәндіктерді, соның ішінде тарақандарды өлтіре алмайтынын мойындады.

"Резиденцияда жүгіріп жүрген тарақанға қарап: "Мүмкін бұл өмір де шексіз қайта туылу айналымының бір бөлігі болар" деп ойладым. Біраз уақыт оның жүргеніне төзіп, өздігінен кетіп қалар деп үміттендім. Бірақ бұл туралы хатшыларыма айтқанда, олар таңғалып қалды", - деді Такаити.

Оның айтуынша, хатшылардың бірі тарақан мәселесін шешетінін айтып, содан кейін оларды улау туралы шешім қабылданған.

"Осыдан кейін тарақандар қайтып көрінбеді. Мен жеңілдеп қалдым, бірақ сонымен бірге неге екені белгісіз, аздап жалғызсырап, көңілім түсті..." - деп жазды Такаити.

Еске сала кетейік, Санаэ Такаити былтыр Жапония үкіметін басқарып, ел тарихында осы лауазымға ие болған алғашқы әйел атанды. Бұған дейін ол биліктегі Либералды-демократиялық партияны (ЛДП) басқарған болатын.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью