Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
– Жапония Қазақстанға қолдау көрсетуге уәде еткен бағдарламалардың бірі – Орта дәліз жобасы. Ол Азия мен Еуропаны көлік және туристік тұрғыда байланыстырмақ. Бұл жобада Қазақстан көлік торабы рөлін атқарады. Соның арқасында адам, көлік және ақпарат ағыны артпақ. Геосаяси жағдайлардың шиеленісуіне байланысты қазір Ресей арқылы қатынау мүмкіндігі шектеулі. Мұндай жағдайда Қазақстанның көлік-логистика саласындағы рөлі биіктей түсті, - деді елші.
Бірақ оның сөзінше, Каспий теңізінің су деңгейі төмендей берсе, Орта дәліз жобасы іске аспай қалуы мүмкін. Өйткені аталған маршуртта теңізді су көліктерімен кесіп өту жоспарланған. Сондықтан елшінің пікірінше, Каспийді сақтаудың стратегиялық тұрғыда да маңызы зор.
– Жапонияның су ресурстарын басқару, табиғи апаттардың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау бағыттарында бай тәжірибесі мен ғылым-білімі бар. Сондай-ақ деректерді жинау, бақылау және талдау саласында да тәжірибеміз мол. Жапония бұл саммитке қатысып отырған барлық елмен экологиялық мәселелерді шешуде күш жұмылдыруға дайын, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан БҰҰ-ның FAO ұйымымен бірлескен бағдарламаны іске асыратынын жазғанбыз.