Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
1991 жылғы 28 желтоқсанда Жапония Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. 1992 жылы екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды, бұл кейінгі екіжақты диалогты дамытуда берік институционалдық негіз болып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Осы кезең ішінде Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастар жүйелі түрде дамып, қазіргі уақытта «кеңейтілген стратегиялық әріптестік» деңгейімен сипатталады. Өзара іс-қимыл тараптардың ұлттық мүдделерін ескеру, теңқұқылық және өзара құрмет қағидаттарына негізделген. Бұл тұрақты саяси диалог пен кең ауқымды мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.
Екіжақты ынтымақтастық аясында заманауи технологияларды енгізуге, өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыруға, экологиялық стандарттарды сақтауға, сондай-ақ озық басқару және инновациялық тәжірибелерді дамытуға басымдық беріледі.
Күн тәртібінде энергетика саласындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде дәстүрлі энергетика, энергия тиімділігін арттыру және «жасыл» технологияларды дамыту мәселелері маңызды орын алады.
Еске сала кетейік, 17 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барған еді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито Император сарайында қарсы алды. Сондай-ақ Президент қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесіп, Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтқан еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстарды дамыту перспективасы егжей-тегжейлі талқыланды.
Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Санаэ Такаичи Бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Айта кетейік, мемлекет басшысының Жапония еліне ресми сапары 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.
Соңғы жаңалықтар
Президент: Жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды
Президент • Бүгін, 15:20
Шымкентте 4000-нан астам жалған «MacCoffee» тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 15:13
Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 15:00
Ел құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына тағы 12 лицензия жеңіп алды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:50
Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны қаупі сейілді ме?
Оқиға • Бүгін, 14:42
32-қабаттан Каспий көрінеді: Атырауда зәулім «Ақ-Жайық» кешені салынады
Құрылыс • Бүгін, 14:40
Тоқаев: БҰҰ әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек
Президент • Бүгін, 14:35
Qazaq Air-дің 51% акциясы 1 млрд теңгеге сатылды
Экономика • Бүгін, 14:32
Президент орта державаларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кеңінен қатыстыруға шақырды
Президент • Бүгін, 14:29
Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқыды
Президент • Бүгін, 14:12
Тәуелсіздік күніне тарту: Gemini енді қазақ тілінде қолжетімді
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:01
Мектеп мәзіріне жылқы еті енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 13:47
Алматыда әскерге шақырылатындарды жинау орны ашылды
Қоғам • Бүгін, 13:10
Биыл су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін артты
Қаржы • Бүгін, 13:01