Жапония қорғанысқа рекордтық қаржы бөлді

18.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жапония қорғаныс саласына қосымша 7,5 миллиард доллардан астам қаражат бөлді. Нәтижесінде, жалпы сома шамамен 77 миллиард долларға жетті. Бұл ЖІӨ-нің 2% -ы. 

Осылайша, Жапония соғыстан кейінгі тарихында әскери салаға рекордтық қаржы жұмсап отыр. Алайда бұл шешім халық тарапынан сынға ұшырып жатыр. Белсенділер әскери шығындар әлеуметтік саланың есебінен өсіп жатқанын алға тартады. Сондай-ақ елдің бейбітшіл ұстанымына қайшы дейді. Бұған жапон үкімет басшысының АҚШ-пен әскери одақты күшейту жоспары және Қытаймен арадағы жағдайдың ушығуы да әсер етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью