Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Жапониялық Jiji Press агенттігінің хабарлауынша, апат Гунма префектурасында жергілікті уақыт бойынша 19:30-да болған. Апат салдарынан екі әйел – жолаушы мен жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмып, 26 адам жарақат алды.
Бұрылыста алдымен екі жүк көлігі соқтығысып, қозғалысты жауып тастаған. Содан кейін оларға басқа көліктер соғылып, ұзындығы шамамен 300 метрлік көлік тізбегін құраған. Көліктердің бірінен өрт шығып, 20 көлік жанып кеткен.
Бұған дейін Нидерландта автокөлік жүргізушісі көлігімен рождестволық шеру көрермендерін қағып кеткенін жазған едік.