24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жапония аюлармен күресіп әлек. Жергілікті биліктен шағым көбейген соң, әскерилер елдің солтүстігіндегі таулы аймақтарға аттанды.
Олар аюларға тұзақ құрады. Аюларға қарсы күрес операциясы қазір Акита префектурасындағы Кадзуно қаласында басталып та кетті. Мұнда тұрғындарға қала маңындағы орманға бармауға, қараңғы түскен соң үйден шықпауға және жабайы аңнан қорғану үшін қоңырау іліп жүру ескертілген. Қоршаған орта министрлігінің мәліметіне қарағанда сәуір айынан бері Жапонияда аюлар адамға 100 рет шабуыл жасаған. 12 адам көз жұмған.