Жапониядағы орман өрті: мыңдаған адам үйін тастап кетті

26.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Өрт Иватэ префектурасының Оцути қаласы мен оның маңайында тұтанған, қазіргі таңда шамамен 730 гектар жерді жойып, соңғы жылдары елде тіркелген ең ірі орман өрттерінің қатарына енді.

Тілсіз жау ең алғаш рет сәрсенбіде таулы жерде тұтанған, кейіннен оған жақын жерде екінші өрт басталып, тұрғын үйлерге қауіп төндіре бастады. Билік 1541 үйді эвакуациялау туралы бұйрық шығарды, бұл шамамен 3200 тұрғынды, яғни қала халқының үштен бірін қамтыды.

Құзырлы органдардың айтуынша, жергілікті жердің күрделі рельефі, құрғақ ауа-райы мен қатты жел өртті бақылауға алуды қиындатуда, сондықтан өртті сөндіруге көмектесу үшін бірнеше префектуралардан және Жапонияның Қорғаныс күштерінен тікұшақтар тартылды.

Қазіргі таңда 8 ғимарат, соның ішінде бір тұрғын үй қираған, бірақ қаза тапқандар немесе жарақат алғандар туралы хабар түскен жоқ.

Префектураның мэрі Козо Хираноның мәліметінше, билік эвакуацияланғандарға көмек көрсету және одан әрі шығындардың алдын алу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

— Мен адамдардың үйлерін тағы да жоғалтуына жол бермеймін, — деді ол.

Қазір өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жоғары дайындық деңгейін сақтап отыр, тілсіз жауды тоқтатып, жақын маңдағы елді мекендерді қорғау үшін күш салып жатыр.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында астық кептіргіш өртенгені туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью