Жапониядағы телемұнарада 20 турист лифтіде бес сағаттан астам уақыт қамалып қалды

23.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мұнараның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, адамдар лифті ішінде 22 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 20:15-тен бастап 23 ақпанға қараған түні 02:02-ге дейін болған.

Жексенбі күні кешкі шамамен 20:15-те төртінші қабаттағы кіреберіс пен 350 метр биіктіктегі бақылау алаңы арасында қатынайтын екі лифт тоқтап қалған. Солардың бірінде 20 адам қамалып қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Екінші лифт тоқтаған сәтте бос болған.

Фото: Kyodo

Оқиға кезінде Токио қаласының Сумида ауданында орналасқан бұл танымал туристік нысанның бақылау алаңында шамамен 1200 адам болған. Лифтілердің жұмысы қалпына келтірілгенге дейін олар жоғарыда күтуге мәжбүр болып, кейін төменге түсірілді.

Мұнара әкімшілігі дүйсенбі күні нысан толық техникалық тексеріс жүргізу үшін жабылатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Жапония Паркинсон ауруын емдеу үшін iPS-жасушаларына негізделген емдеуді мақұлдаған алғашқы ел атанғанын жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью