Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жапонияның NHK телеарнасы Яцусиро қаласындағы Kumamoto General Hospital ауруханасында болған жойқын жер сілкінісі кезіндегі ота бөлмесінен түсірілген драмалық кадрларды жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жапонияның оңтүстік-батысындағы жер сілкінісі кезінде Кумамото ауруханасында төрт ота жасалып жатқан.
Телеарна дүмпу басталған сәтте ота жасалып жатқан бөлмелердің бірінен түсірілген видеоны жариялады.
Ота үстелінің үстінде ілулі тұрған медициналық жабдықтар қауіпті түрде теңселе бастап, едендегі заттардың барлығы жан-жаққа шашылып кеткен.
Ота үстелінің қасында тұрған дәрігерлер жабдықтар үстіне құлап кетпесін деген ниетпен науқасты өз денелерімен жауып қалған. Ал мейірбикелер бұл уақытта эвакуация жолын ашуға ұмтылған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Телеарнаның хабарлауынша, ауруханадағы төрт ота да сәтті аяқталды.
Жарық пен судың өшуіне байланысты жоспарлы қабылдау уақытша тоқтатылған. Алайда көп ұзамай аурухана резервтік қуат көздеріне қосылып, науқастарды қабылдау қайта жалғасты.
Еске сала кетейік, 28 шілдеде Жапонияның оңтүстік-батысында болған магнитудасы 7,1-ге тең жер сілкінісі салдарынан 13 адам қаза тапты. Табиғи апат болған аймақтарда ғимараттар мен көпірлер қираған.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу