Жапонияны мойындатқан жалғыз қазақ: Ерсін Балтағұл Астанада жанкүйерлермен кездесу өткізеді

14.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

2026 жылғы 15 ақпан күні сағат 15.00-де Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында кәсіби сумо шебері Ерсін Балтағұлмен кездесу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ерсін Балтағұл – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби сумошы әрі қазіргі таңда Жапонияда жоғары нәтижелерге қол жеткізген Қазақстанның жалғыз өкілі. Ол спорттық жолын қазақ күресі мен дзюдодан бастап, ұлттық мектептен шыңдалып, халықаралық деңгейде табысқа жеткен.

Алматы қаласының тумасы Жапониядағы Нихон университетін тамамдағаннан кейін кәсіби сумода Кинбозан Харуки лақап атымен танымал болған. Бойы 195 сантиметр, салмағы 178 келі болатын спортшы бүгінгі таңда сумо күресінің ең жоғарғы дивизионы – Макуутиде өнер көрсетеді.

Жекпе жек сарайында жоспарланған кездесуге қазақ күресінің абсолютті салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген түйе балуандар, сондай-ақ Qazaqstan Barysy республикалық турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері – Ұлан Рысқұл, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Марат Байқамұров, Ерасыл Қажыбаев, Мақсат Исағабылов және тағы басқалар қатысады.

Токиода Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті

Шара барысында қатысушылар спортшының кәсіби жолы, Жапониядағы дайындық жүйесі, сумо мәдениеті, сондай-ақ ұлттық спорттан халықаралық аренаға шығу тәжірибесі жөнінде тың ақпарат алу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетсек, Қазақстандық кәсіби сумо шебері Жапонияда өткен «Хацу басё – 2025» кубогінде үшінші орынға ие болып, ел тарихындағы маңызды жетістікке қол жеткізген болатын. 15 күнге созылған турнирде Кинбозан Харуки қарсыластарын 13 рет жеңіп, 2 рет жеңілген.

Соңғы жаңалықтар

Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды

Ата заң • Бүгін, 13:21

Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады

Медицина • Бүгін, 12:35

Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады

Білім • Бүгін, 12:26

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 12:00

Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды

Аймақтар • Бүгін, 11:42

Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?

Қазақстан • Бүгін, 11:37

«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 11:17

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:34

Олимпиада-2026: 14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?

Олимпиада • Бүгін, 10:21

Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:53

Реформаларға азаматтық белсенділік керек

Қоғам • Бүгін, 09:50

Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде

Қазақстан • Бүгін, 09:45

Берекелі ынтымақтың бастауы

Пікір • Бүгін, 09:40

Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік

Пікір • Бүгін, 09:35

Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары

Саясат • Бүгін, 09:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью