Жапонияның солтүстігіндегі қонақүйлердің бірінде 47 адам тағамнан уланды

18.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұл туралы дүйсенбі күні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады, деп хабарлайды Синьхуа.

Kyodo Tsushin агенттігінің префектура билігіне сілтеме жасап мәлімдеуінше, Товада қаласындағы Towadaso қонақүйінде ас ішкен азаматтарда құсу мен іш өту сияқты белгілер тіркелген.

Хабарламада қонақтар мен ас үй қызметкерлерінен алынған нәжіс үлгілерінен норовирус табылғаны айтылған.

Товада қаласындағы Камикита қоғамдық денсаулық сақтау орталығы бұл жағдайды тағамнан улану дерегі ретінде бағалап, қонақүйдің қызметін 15 ақпаннан бастап бес күнге тоқтату жөнінде нұсқама берген.

Қолда бар мәліметке сәйкес, уланған 47 адамның барлығының жағдайы жақсарып келеді.

Осыған дейін Жапониядағы қалың қардан 46 адам қаза тапқаны туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью