Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Алматыда жаппай жарық сөнуіне байланысты 9 балдық кептеліс орнады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2ГИС қосымшасының картасына сәйкес, Алматыдағы кептеліс 9 балға жетті.
2gis.kz картасы
"Яндекс" карта қызметінің деректері бойынша, Алматыдағы көлік кептелісі 8 балға бағаланып отыр.
Yandex картасы
Yandex картасы
Пікір қалдырушылардың жағдайға көзқарасы әртүрлі. Бірі ашулы жазбалар қалдырса, енді бірі жақсы көңіл күйді бұзбауға тырысқан:
"Күн қайырлы болсын, достар, күлімдеп, сигнал баса берейік!"
"Канье бүкіл Алматыны көлеңкеде қалдырды"
"No Flashing lights?"
"Не болды, тас дәуірі ме?"
"Кино көруге бола ма?"
Не болды?Бүгін сағат 14:30 шамасында Алматының бірнеше ауданының тұрғындары электр жарығының сөнгенін хабарлады. Қалада Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарындағы тұтынушылардың жарықсыз қалғаны ресми түрде расталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматыда жаппай жарықтың сөнуіне "KEGOC" АҚ-на тиесілі 500 кВ магистральдық электр желілерінің апаттық жағдайда ажырауы себеп болған.
Қалада байланыс нашарлап, жол қозғалысы қиындады, бағдаршамдар жұмыс істемей тұр. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қазіргі уақытта мамандар электр қуатын қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар Алматы тұрғындарына электр энергиясының сөнуінен кейін су беруде де іркілістер болуы мүмкін екені ескертілді.
Жарықтың сөнуіне байланысты тұрғындар қалалық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайдың да жұмысында қиындықтар туындағанын хабарлады.
Сондай-ақ Энергетика министрлігі болған жайтқа қатысты пікір білдіріп, жарықтың жаппай өшуіне не себеп болғанын айтты. Одан бөлек, Жетісу облысында да жарық өшіп қалғаны белгілі болды.
Істемей тұрған бағдаршамдар мен байланыстағы іркіліс: жарық өшкеннен кейін Алматыда не болып жатыр?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу