Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында "Қазмырыш" ЖШС бас директоры Жанат Жанботинге ескерту жасады. Бүгін мұнда өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында "Қазмырыш" ЖШС бас директоры Жанат Жанботинге ескерту жасады. Бүгін мұнда өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Баяндама барысында Жанботин кәсіпорында болған және салдарынан үш адам қаза тапқан жазатайым оқиға туралы айтып берді.
"5 мамырда Өскемендегі мырыш зауытының электролиз цехында түтін тартқышты іске қосу кезінде жарылыс болып, арты өртке және ғимарат конструкциясының жартылай құлауына әкелді. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл біз үшін орны толмас қаза. "Қазмырыш" үшін бұл жайттың себебін барынша егжей-тегжейлі анықтаудың маңызы зор. Біз мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеуге міндеттіміз.
2023 жылдан бері компанияда өлім-жітім жағдайлары болған жоқ. Еңбекті қорғауға орта есеппен 27 миллиард теңгеден аса инвестиция салынады", - деп баяндады "Қазмырыш" бас директоры.
Алайда премьер бұл қайғылы оқиға оң статистикаға күмән келтіретінін айтты.
"Баяндамаңыз жақсы, бірақ мамырдағы жағдай сөздеріңізді жоққа шығарады. Сондықтан қосымша белсенді шаралар қабылдау қажет", – деді Бектенов.
Айта кетейік, бұған дейін төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Востокцветмет" және "Қазмырыш" нысандарындағы ірі апаттардың алдын ала себептерін жариялаған болатын.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу