Жақсы жаңалықпен сіздерді қуантамын : Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі жазба жариялады

22.01.2026

Arasha.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Танымал актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желіде жазба жариялап, оқырмандарына алғысын білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Актердің айтуынша, осы уақытқа дейін өзіне қолдау көрсеткен жандарға ризашылығы зор. Сонымен қатар ол өзін түсінбейтін адамдардың да бар екенін жасырмай, мұны сабырмен қабылдайтынын жеткізді.

"Құрметті менің оқырмандарым, халқым сіздерге деген құрметім ерекше! Осы уақытқа дейін мені қолдап келгендеріңізге мың рахмет! Кейбіреулер мені түсінбей жататындар да бар, оны да қабылдаймын. Бұйырса жақсы жаңалықтармен сіздерді қуантамын деген үміттемін! Күтіңіздер!" – деп жазды Дархан Мұсаев.

Желі қолданушылары актердің жазбасына түрлі пікір қалдырған. Бірі оған сәттілік тілеп, қолдау білдірсе, енді бірі сын айтудан тартынбаған. Дегенмен пікірлердің басым бөлігі актерге жылы лебіз бен ақ тілектен құралған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью