Жақсылық жасап жарысайық : Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

12.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астанада Наурыз мейрамы қарсаңында Байқоңыр ауданының зейнеткерлері «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Йога үйірмесіне қатысатын белсенді әжелер әр бейсенбі сайын қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің спорт нұсқаушысы Эльвира Шамсутдинованың жетекшілігімен зейнеткерлер азық-түлік себеттерін дайындады. Қайырымдылық себетіне ең алдымен күнделікті тұрмысқа қажетті негізгі азық-түлік түрлері енгізілді.

Ерікті әжелер бұл жолы елорданың шалғай аумағында орналасқан Лесозавод шағын ауданының тұрғындарына көмек көрсетті.

Атап айтқанда, көпбалалы, жалғызбасты аналарға, сондай-ақ жалдамалы пәтерде тұратын отбасыларға көмек көрсетті.

Астанада Наурыз мерекесіне орай 200-ден астам іс-шара өтеді

Өз кезегінде әлеуметтік қиындықтарға тап болған отбасылар волонтер әжелерге жүрекжарды алғыстарын айтып, ақ баталарын берді. Қайырымдылық акциясы зейнеткерлердің қоғамдағы белсенділігі мен мейірімділігінің ерекше көрінісіне айналды.

Соңғы жаңалықтар

FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

Футбол • Бүгін, 19:49

Мәслихат депутаттарына маңызды міндет жүктелді

Ата заң • Бүгін, 19:38

Сарапшылар жаңа конституциялық модельдегі партиялардың рөлін талқылады

Ата заң • Бүгін, 19:20

Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды

Қоғам • Бүгін, 18:46

Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз

Медицина • Бүгін, 18:24

12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?

Қоғам • Бүгін, 18:03

15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады  

Референдум • Бүгін, 17:55

Солтүстік Қазақстандағы орман шаруашылықтарына 51 жаңа техника берілді

Аймақтар • Бүгін, 17:52

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды референдумға белсене қатысуға шақырды

Референдум • Бүгін, 17:37

Астанадағы Орталық саябақ заманауи талапқа сай жаңғыртылады

Қоғам • Бүгін, 17:22

Референдум қарсаңында тәуелсіз бақылаушылардың ақпараттық штабы жұмыс істейді

Референдум • Бүгін, 17:11

Таразда жас балуандар арасындағы ел чемпионаты басталды

Спорт • Бүгін, 17:06

LRT-да жол ақысы 200 теңге болуы мүмкін

Елорда • Бүгін, 16:57

Өткен жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 306 миллиард доллар болды

Экономика • Бүгін, 16:51

Адал азамат – қауіпсіз қоғам кепілі

Қоғам • Бүгін, 16:33

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью