Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қостанайда «Жас қолдаушы» деген тақырып аясында жастар форумы өтті. Мыңнан аса студент, волонтерлер бас қосқан іс-шараға облыс әкімдігі, прокуратура, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, бүгінгі қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтырудың маңызы турасында ойларын ортаға салды.
Форум барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов бүгінде елімізде жаңа құндылықтар қалыптасып, халықтың құқықтық мәдениеті артып келе жатқанын тілге тиек ете келіп, өңірде қылмыстың алдын алу мақсатында және жастарды әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Әкімнің айтуынша, 2022 жылы облыс аумағында 6 859 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Осы көрсеткішті азайту мақсатында тұрғындардың, соның ішінде жастардың құқықтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс атқарылған.
«Атап айтқанда, қоғамдық орындарда электрондық бақылау құрылғылары орнатылып, полицияның материалдық-техникалық әлеуеті күшейтілді. Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды автоматты тіркеу жүйелері жақсарып келеді. Сонымен қатар жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселесі де рет-ретімен шешімін тауып жатыр. Кейінгі жылдары Қостанайда заманауи талаптарға сай бірнеше зауыт іске қосылды. «КИА», «Камлит» секілді компанияларда бірнеше мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Бұл – біздің жастарға беріліп отырған зор мүмкіндік. Бүгінде жаңа өнеркәсіп орындарында еңбек етіп жатқан жұмысшылардың 55 пайызын жастар құрайды. Өңірде жүзеге асырылып жатқан «Қостанай жастары» жобасы аясында 344 жас отбасы баспаналы болды. Биыл осы жоба шеңберінде тағы 100 жас отбасы пәтер алады», деді Қ.Ақсақалов.
Іс-шараны ұйымдастырып отырған облыстық прокуратура өкілдері жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқу орындарында түрлі мазмұндағы іс-шаралар өткізген. Осындай кешенді жұмыстардың нәтижесінде облыста кейінгі үш жыл ішінде қылмыс деңгейі 28 пайызға азайған. Форумда сөз алған облыс прокуроры Марат Сексембаев осы жайттарға тоқтала келіп жастарға ақыл-кеңесін айтты.
«Барлығыңыз – жақсы, жаманның не екенін ажырата алатын жастасыздар. Алдарыңыздан сан тарау таңдау күтіп тұр. Сондықтан әрқайсыңызға алдағы жарқын өмірлеріңізге жол салатын дұрыс таңдау жасай білу маңызды. Өйткені мектеп, университетте сабақта жіберген қателігі үшін біреу «үштік», біреу «төрттік» баға алып жатады. Кейбір қателіктерді түзетуге болады. Кешігіп қалсаң, келесіде кешікпеуге тырысасың, біреуді ренжітсең, кешірім сұрайсың. Ал ересек өмірдегі қателіктің құны мүлде басқа. Кейбір түзетілмейтін қателіктер болады. Өмір деп аталатын бұл сапар адамға бір-ақ рет беріледі. Сондықтан сіздерден өтінерім – әрдайым дұрыс таңдау жасауға ұмтылыңыздар. Иә, бүгін статистика жақсарып келеді. Бірақ кейінгі бес жылда облыста 91 жасөспірімнің сотталғанын айтпасқа тағы болмайды. Сондықтан қазірден бастап жақсы мен жаманның парқын айыра біліп, дұрыс жолды таңдау маңызды», деді М.Сексембаев.
Форум аясында «Жас қолдаушы» тәлімгерлер клубы атты жаңа жобаның тұсаукесер рәсімі өтті.
«Аталған клубты жастарға ақыл-кеңес беретін, қолдау көрсететін, қиын жағдайда қолұшын созып көмек беретін орталық десек те болады. Мақсатымыз – ізімізді басып келе жатқан іні-қарындастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беру, жол сілтеу. Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік құратын қоғам құруымыз керек. Ал жаза басса, жазаға тартылатындығын әркім білуге тиіс. Бүгінде жастар арасында заңмен тыйым салынған тауарларды таратып жүргендер көп. Оңай олжаға кенелемін деп адасып жаза басқан кейбір замандастарымыз қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып жатыр. Соның бәрін жастарға түсіндіріп, жақсылыққа қарай жетелеп, жөн көрсетуді көздеп отырмыз», дейді клуб мүшесі Саид Ахматжанов.
Іс-шара соңында жастар форумға арнайы келген «Патруль» телехикаясының актерлерімен кездесті.
Қостанай облысы
Соңғы жаңалықтар
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55
Энеолит дәуірінен жеткен қазына
Жәдігер • Бүгін, 07:50
Музей • Бүгін, 07:45
Өнер • Бүгін, 07:40
382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35
Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді
Олимпиада • Бүгін, 03:05
Америкалық Mars компаниясы Қазақстанда үй жануарларына азық өндіретін зауыт салады
Президент • Бүгін, 02:35
Мемлекет басшысы Ashmore Group басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
Президент • Бүгін, 02:15
АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мақсатында елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі
Президент • Бүгін, 01:56
Қазақстан мен АҚШ корпорациясы бірлескен инфрақұрылым жобаларын талқылады
Президент • Бүгін, 01:45
Алматы облысында десантшылардың кешенді дайындығы өтті
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Мемлекет басшысы: Қазақстан Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын
Президент • Кеше
Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі
Президент • Кеше
Ақмола облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын сотталды
Оқиға • Кеше