Жақын арада электр энергиясы толығымен қалпына келтіріледі Энергетика министрлігі

14.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Энергетика министрлігі Алматы мен Қазақстанның басқа өңірлерінде электрмен жабдықтау жақын уақытта толық қалпына келтірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, "KEGOC" АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.

"Қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізуде. Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Ведомство жағдай бақылауда екенін атап өтті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью